» » Бізге Кәсіптің қай түрі қажет?

Бізге Кәсіптің қай түрі қажет?

Әрбір азамат кәсіп ашар кезде қолынан келетінін, ол кәсіптің мүмкіндігін қарау керек. Оған сәйкес маманданып алу керек. Естеріңізде шығар, Кеңес Одағы кезінде аудандағы әрбір ауыл өзінің табиғи ерекшеліктеріне қарай әр салаға лайықталған. Мәселен, Тұрмағамбет, Ақжар, ІІІ Интенационал, Дүр Оңғар ауылдары күріш егуге тиімді болса, Көмекбаев, Қуаңдария ауылдары мал шаруашылығына бейім. Қуаңдарияға барып, күріш егемін деген мәселе қисынға келмес еді. Сол тәрізді қайсыбір кәсіпті ашпас бұрын сол салаға маркетингтік зерттеу жасау керек.
Қазір мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі жоғары. «Бизнес Бастау», «Бизнес Кеңесші» жобалары бойынша төмен пайызды несие беріледі. Қазір қатысушылардың 80-90 пайызы мал шаруашылығымен айналысуды мақсат етті. Кірісіп кеткендері де жетіп артылады. Мал шаруашылығында ет-сүт бағытында кооперативтер ашу – басты мәселе. Аталған кәсіпке кірісіп жатқандар көп, алайда олар жем-шөпті қайдан алмақ?! Ауданда құрама жем өндіретін бірде-бір өндіріс ошағы жоқ.
Осы ретте тағы бір мәселе: ет өткізу жағы қиындық тудыруда. Неге ет-сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын ашпасқа?! Бұқтырылған ет, шұжық, ағарғанның түр-түрін өндіруге болмас па?! Шикізат дегеніңіз дап-дайын тұр. Бір ғана мысал, ертеңгі күні «Ақтөбе и К» ЖШС құс фабрикасын ашқанда 1500 бас құсқа құрама жемді қайдан тауып бермекпіз? Өзекті, атқару керек және мүмкіндігі жоғары жобалардың бірі – құрама жем шығаратын кәсіпорын ашу. Алдашбай ахун ауылында 620 гектар инженерлік жүйеге келтірілген, бірақ пайдаланылмай жатқан жер бар. Су жарамайды дейді, алайда, суды аз қажет ететін дақылдарды егуге болмас па?! Содан құрама жемнің шикізатын даярлауға болады. Қолға алар азаматтар болса, қолдауға қашан да дайынбыз.
Халық – нарық. Әрбір тұрғын – тұтынушы. Кәсіп ашамын деген адам осыны зерттеп алу керек. Елді мекендерге қажет нәрселердің қатарында жылыжай кешені, шаштараз, наубайхана, көлік жөндеу орталығы, оқу орталығы, тестілеуге арнайы пәндер бойынша оқытатын орталық бар. Одан бөлек, қолөнершілер өнер туындыларын ұсынса, сатуға жағдай жасауға болады. Жол сервистік кешендері бар, қонақүй, мейрамханалар бар, олардың өз қызығушылығымен дайындауға болады. Тіпті болмаса арнайы қолөнер бұйымдарын сататын бұрыштар орналастырамыз. Қолөнер бұйымдарының бағасы жоғары болатынын ескерсек, кәсіп бастауға жақсы мүмкіндік.
Сондай-ақ, біз дария бойын жайлаған халықпыз. Мал шаруашылығы да, құс шаруашылығы да оң жамбасымызға шығады. Тауық, қаз, үйрек асырасақ, біреу тонымызды шешіп ала ма?! Иіркөл, Төребай би, ІІІ Интернационал ауылында бақша өнімдері дамыған. Неге біз сол қауыннан, тағы басқа көкөністерден өнім өндірмейміз? Ол да өндіріске жатады ғой. Ал мұндай өнімдер бізге Алматы облысынан келеді. Әйткенмен, шикізаты қолда тұр.
Қазір тіршілікті нарыққа қарап бағамдайтын кез. Өнімді өндіру – бөлек, оны өткізу тағы бар. Өткізу жағын ұйымдастыруды да меңгеруіміз шарт. Жақында әлеуметтік желіде бір келіншектің ауық-ауық салып отырған тұшпарасы назарымды аудырды. Ол үйінде түшпара жасаумен айналысады екен. Жарнамасы тегін. Желіні жақсы жағынан пайдаланып отыр. «Жарнама – кәсіптің қозғалтқышы» дейді білетіндер. Тегін айтылған нәрсе емес.
Экономика қай кезде дамиды?! Біздің тапқан-таянғанымыз тұтынар затты сырттан алдырғанда емес, ауданның өз ішінде айналғанда ғана дамиды. Ал біз қолымызға қаражат түссе, оны өзге өңірге барып құйып келеміз. Сондықтан, кәсіптің қыр-сырын меңгере отырып, білек сыбана кірісу керек.
Абзал ШОҚБАРОВ,
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы
Қармақшы аудандық филиалының директоры.
02 шілде 2018 ж. 1 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031