» » Кәсіпкерлерді оқыту басталды

Кәсіпкерлерді оқыту басталды

«Атамекен» ҰКП аудандық  филиалында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов сөз сөйлеп, курс жұмысына сәттілік тіледі. 
– Адамдарды еңбекпен қамту – табыс табу деген сөз. Кәсіпкерлікпен айналысу – заман талабы десек, әр азамат өзін жұмыспен қамтып, отбасын асырауы керек. Жеке кәсіп бастаймын дегендерге мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетілуде. Соның бірі – кәсіпке оқыту. Кәсіппен айналысудың кілті – білімде дегендей, курста білікті бизнес-тренер А.Төлекова бизнес-психология, бизнес-жоспар, маркетинг, сату нарығы, салық режимдері мен есептіліктері, бизнесті құқықтық сүйемелдеу сабақтары бойынша дәріс беріп, жоба қатысушыларын  жоба қорғауға дайындайды. Кәсіпке оқыту – отбасы әл-ауқатын көтеруге арналған шарапаты мол шара, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Өткен жылы аталған курсқа ауданда 107 адам оқытылса, оның 53 жобасы қаржыландырылған. Биыл 220 жұмыссыз курстан өтеді деп жоспарлануда.     
– «Бастау Бизнес» жобасының мүмкіндігі мол. Курсты толық аяқтаған соң арнайы сертификат беріледі. Ауданда алған білімдерін облыста қорғайды. Сертификатпен қаржы мүлкіне жолданады. Сосын кепілмен несие алуға болады. Үстіміздегі жыл – облысты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды. Елбасының әлеуметтік бес бастамасына сәйкес, елімізде шағын бизнеске қосымша қомақты қаржы қаралды. Бізде кәсіпкерлік саласы кенжелеп қалған. Оның басты себебі – бәсекелестік ортаның қалыптаспағанынан, – деді семинар барысындафилиал директоры А.Шоқбаров.
Жобаға қызығушылық танытқанның бірі – Ақай ауылының тұрғыны Серік Әбсалықов.
– Автоэлектрик кәсібін дамытқым келеді. Осы бағытта жұмыс істеймін. Қажетті құрал-жабдықтарын көбейтсем деймін. Қазір жұмыс  орнын жалға алғанмын. Курстан күтерім көп, – деді бағдарламаға қатысушы.     
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
17 сәуір 2018 ж. 1 864 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930