» » «БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ

«БИЗНЕС КЕҢЕСШІ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ

 Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Қаржылық сауаттылық клубы» аясында Қызылорда  облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірге «Бизнес-Кеңесші» - кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды.

 Семинардың  басты мақсаты облыстағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнесті ашу және оны тиімді жүргізу бойынша кешенді бірыңғай және қол жетімді білім беру болып табылады.
Қатысушыларға кәсіпкерліктің негізгі ұғымдары, психологиялық дайындық, маркетинг, бизнес жоспарлау, кәсіпкерліктің құқықтық негіздері тақырыптарында тренинг өткізілді.
 Тренинг соңында әр бастауыш кәсіпкерге кәсіпкерлік негіздері бойынша «Бизнес сабақтары» оқулығы, кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті нормативтік құжаттар мен келісім шарттардың жасалу үлгілері жинақтары бар арнайы электронды тасымалдағыш таспалар берілді.
 Сонымен қатар «Кәсіпкерлік –қазақстанның жетістікке апарар күші» атты кітап көрмесінен Наполеон Хиллдің «Ойлан және байы»,Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» Петер Друкердің  «Друкер күнделігі» атты танымал еңбектері мен қатар кез келген кәсіпті ашуға, ең алдымен, бизнес-идея керек болса «Кіші бизнес үшін 100 жоба», О.Сабден, А.Тұрғынбаеваның «Шағын бизнес негіздері», А.Сұлтанбекованың «Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар» т.б. кітаптарымен танысты.

23 ақпан 2018 ж. 1 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930