» » 90 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етпек

90 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етпек

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Халықты жұмыспен қамту 2018-2019 жылдарға арналған» кешенді жоспары аясында 90 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы негізінде 296 мың адам әлеуметтік көмекпен қамтылатын болады. Бұл туралы Үкіметтің онлайн режимде өткен селекторлық отырысында баяндама жасаған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Өңір басшысының айтуынша, былтырғы жылы 37,7 мың адам нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына тартылған. Жоғарыда айтылған кешенді жоспардың 50 пайызы еңбекке жарамды азаматтарға тұрақты кәсіп беруге бағытталатын болады. Соның негізінде 44 мың адамды жұмысқа тарту жоспарланып отыр.
– Біздің мақсатымыз – жұмыссыз жүрген азаматтарды арнайы бағдарламамен шағын кәсіпкерлікке тарту, оқыту болып табылады. Бүгінде облыста 15 кіші бизнес жобаларды әзірлеп отырмыз. Яғни 44 мың адамды шағын кәсіпкерлікке тарту кезінде дайын модульді кіші бизнес жобаларды бірге ұсынып, одан кейін шағын кәсіпкерлікке бейімдеумен айналысамыз. Бұл жұмыссыздықты азайтуда маңызды шара болғалы тұр, –  деді Жансейіт Қансейітұлы.
Өңір басшысы баяндамасында «Өрлеу» республикалық пилоттық жобасының облысымызда табысты жүзеге асып жатқандығына тоқталды. Өткен жылы «Өрлеу» жобасы аясында оңтүстікқазақстандық 17 мың отбасы 36 мың ірі қара мен уақ мал алса, 757 отбасыға 36 мың құс үлестірілген. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық отбасыға кәсіпкерлікпен айналысуы үшін қажетті құрал-жабдықтар берілген. Нәтижесінде олардың табысы 4,3 есеге артып, 1226 адам жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркеліп, тұрмыстары түзелген.
Облыс басшысы биыл негізгі басымдық халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне бөлініп отырғандығын жеткізді. Бұл ретте мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 866 жоба бойынша 46 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Былтырғы жылы өңірімізде 16 мың 743 адам кәсіби және қысқа мерзімдік оқуға жолданса, осы азаматтардың 67 пайызы тұрақты жұмысқа орналасыпты.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, былтыр өңірде «Әр ауылға өз шебері» акция аясында 15 мамандық негізінде 9 мыңға жуық азамат қысқа мерзімдік оқу курсынан өтіп, ауылды жерлерге жұмысқа кіріскен болатын.  Биыл дәл осы жоба негізінде тағы да 7 мың азаматты оқыту көзделіп отыр.
18 қаңтар 2018 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031