» » » «ЖАСТАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ»

«ЖАСТАР ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ»

Ақтолқын Нұрмағанбетова,
«Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық
бірлестігінің төрайымы:

Өңірде жастарға арналған сан түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Тек оларды ел арасында насихаттап, түсіндіре білу керек. Онан қалды таланты тас жаратын талабы таудайлар да жетіп артылады. Бұл ретте, жастар ұйымдарының мойнындағы жүк ауыр. Орайы келіп, «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақтолқын Алтынбайқызымен сұқбат құрған едік.
– Ақтолқын Алтынбайқызы, «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі немен айналысып жатыр?
– Атқарылып жатқан шаруалардың ауқымы кең. Негізгі бағыт НИТ санатындағы жастардың санын азайту, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, онан бөлек, Елбасы Жолдауларын насихаттау. Біз бұл ретте барынша нәтижелі жұмыс істеуге тырысудамыз. Мәселен, жастарды кәсіп ашуға шақыруда ауыл жастарын жинап алып баяндама оқып емес, олардың арасында түрлі сайыс өткізу арқылы үндеудеміз. Ауданға қарасты 12 ауылдық округ жастарын аралап жүріп, спорттық шара өткіземіз. Негізгі тақырып кәсіпкерлікке шақыру болғанмен, оларға басқаша қырынан түсіндіруге тырысып бағамыз. Сонымен қатар, мектептегі белсенді жастардың арасында «Жолдаудың сөзі – жастардың көзімен» деген атпен шығарма байқауы, КТК, ән-би байқауларын ұйымдастырып тұрамыз.
– Мұныңыз құптарлық екен. Алайда, «жастар қалай қабылдайды» деген сауалдың туатыны заңдылық. Бұрын марғау дейтін ек, қазір оянды ма?
– Жастар бұрынғыдай емес. Өзім де солардың қатарынанмын. Қазір жастар саясаты дегеннің не екенін түсінді, мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылығын оятып, қимылдай бастады. Баяғыдай емес. Әйткенмен, әлі де көбінің өз ойын еркін айтуға ұяңдығы басым. Сондықтан көзқарасын қалыптастырып, өз ойын именбей еркін айтуға жұмыс істеу керек.
– Жастар рухани жаңғырып жатыр ма?
– «Көппен көрген ұлы той» дейді. Жастар елмен бірге жаңғыру жолында келеді. Мәселен, асық ойынының ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Жосалы, Иіркөл, Дүр Оңғар ауылдарында жастар арасында ұлттық ойындар өткізіп тұрамыз. Қол күрес, арқан тартыс та ойын алаңынан көрінеді. Басқа да түрлі шараларымыз бар. Олардың әрбірінің тереңінде рухани жаңғырудың мәйегі жатады. Менің ойымша, рухани жаңғыруды әр салаға өз тілімен жеткізген дұрыс. Бағдарламаларды да осылай насихаттасақ қана нәтиже шығары анық.
– Таланттылар ел арасынан шығады. Бұл бағытта не істеп жатсыздар?
– Білесіз бе, әр ауылдың жасы сол елдің депутаты тәрізді. Ауылдың мәселесін көтеріп, бізге жеткізеді. Жастарға тегін курстар, кино көрсету тәрізді аудан орталығында ұйымдастырылып жатқан шаралар бар. Алайда, ауыл жастары келуді қиынсынады. Көп жағдайда өзіміз барып сол елді мекендерді аралап жүріп шара өткіземіз. Жастар елеусіз қалмау керек. Кей ауылдарда негізгі мәселе- спорттық алаң. Кешқұрым барып доп тепкісі келеді, волейбол ойнағысы келеді. Алайда,кейбір елді мекендерде айта беретін мектептің спорт залы ғана бар. Оны да құлыптап кетеді. Бізге көбіне көтеретін мәселесі- осы.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұқбаттасқан
Дәулет ҚЫРДАН.
20 мамыр 2018 ж. 1 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031