«Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау» мақсатында дөңгелек үстел өтті
Ағымдағы жылдың 4 – 5 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңажол, Тұрмағамбет, Ақжар ауылдық округінде, Елбасы жолдауын жастарға сапалы түрде жеткізу, Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, баршаға арналған кәсіптік білім беру және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту, өзге діни ағымдардан сақтану, қазіргі таңдағы жастар арасында өзекті мәселелерін бірге талқылап, жастардың ойларын ашық жеткізе білуге, ұсыныс – пікірлерін білу мақсатында еркін форматта дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш шараны «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова ашып, жүргізіп Елбасы жолдауындағы жастарға арналған арнайы бес басым бағытқа тоқталып өтсе, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы А.Жұмахмет және А.Татишов өздерінің ұжым болып атқарып жатқан жұмыстарына, оның ішінде Елбасы жолдауында жастарға арналған бағдарламалар төңірегінде қамти отырып атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Бұдан бөлек А.Татишов - ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан Жастар корпусын дамыту жобасының тиімділігі зор. Жоба аясында оқымайтын, жұмыс істеметін немесе табысы төмен жастардың 1 миллион теңгеге дейін грант алуына мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. әрі өз жалғасын тапқан шарада Қызылорда обылыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімінің маманы Ж.Сқақов Қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып келе жатқан «Дін және жастар» деген тақырыпта толық қамтып шықты. Шарада ауылдық округтегі жас мамандар мен жұмыссыз жастар мемлекеттік бағдарламалар жөнінде жақсы кеңес алғандарын жеткізе отырып, көкейтесті мәселелеріне жауап алды.

Ж.Нұрпейсова.
Бірлестік қызметкері
Бірлестік қызметкері