» » » ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ДОДАСЫ

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ДОДАСЫ

Аудан әкімінің тапсырмасымен, Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінің ұйымдастыруымен ұлттық мирасты ұлықтау, дәстүрлі өнерді дәріптеу мақсатында «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты дәстүрлі облыстық балалар байқауы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын аймағымыздың жас жүйріктерінің басын құрайтын жыр додасы, күй сайысы биыл он бірінші мәрте өткізілді. Сыр өңірінің өнерін насихаттайтын байқау жас дарындардың талабын шыңдап, мақсатын ұштайтын маңызды мәдени алаңға айналып келеді.
Өнер байқауына өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 30-ға жуық талапкер қатысып, дәстүрлі ән-жыр және дәстүрлі күй жанрлары бойынша үлкен және кіші топтарға бөлініп, бақ сынасты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып алғы сөз сөйлеп, қара домбыраны серігіне айналдыруды арман еткен жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
– Сан ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық өнеріміздің тамыры тереңде екені белгілі. Қорқыт бабамыз – күллі түркі халықтарының ортақ тарихи тұлғасы. Киелі Қармақшы мекенінде мәңгілік мекен тапқан бабамыздың мұралары ұлтымызға ең құнды қазына ретінде бағалы. Осындай талапты, өнерлі ұрпағымыз барда қазақтың ұлттық өнері өз қасиетін жоғалтпай қала береді,– деді ол.
Ұлттық өнер сайысына ҚР «Мәдениет саласының үздігі», жырау-ұстаз Айбек Тәңірбергенов, Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің қызметкері Мұхамбетқали Бағатов, Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Жағалова, К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің директоры Әйгерім Ешбаева төрелік етті.
Қатысушылар ұлттық өнердің алтын қорының інжумаржандарына жататын шығармаларды орындап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, орындаушылық шеберліктерін көпшілік назарына ұсынды. Бабадан жеткен бағзы өнерді бағына балаған, барым деп бағалаған балғын көкірек балалар жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, көрермен көзайымына айналды.
Жас өнерпаздардың өнер көрсету барысында сахна мәдениеті, ұлттық мұраны меңгеру деңгейі және орындаушылық ерекшеліктері жан-жақты бағаланды.
Дарынымен дараланған, талантымен танылған үздіктер ісшара соңында қазылар алқасының шешімімен аудан әкімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ердәулет ОРЫНБАСАР
03 маусым 2026 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 224
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 777

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930