» » ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, КӘСІПКЕР?

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, КӘСІПКЕР?

Кәсіппен айналысу үлкен тәуекелділікті талап етеді. Кез келген кәсіпті игеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондай-ақ, қай істі болмасын бастау үшін де адамның ынта-ықыласы жеткіліксіз, оның алған біліміне қоса қарым-қабілеті мен тәжірибесінің болуы маңызды. Шыны керек, біреу істегенді екінші біреу істей алады деу де жаңсақ пікір. Өйткені әр адамның өресі әр түрлі. Алайда, мемлекет кәсіп бастаймын дегендерге мол мүмкіндік беріп отыр. Тек қалаулы істі тауып, соны ұршықша иіру қажет. Мәселен, ақай елді мекенінің тұрғыны күріш таяқшаларын даярлайтын тың кәсіпті бастады. Уақыт талабына сай туған шағын өндірістің тауары бүгінде сұранысқа ие. Егер бұл кісі атаулы кәсіпті емес, мал шаруашылығымен айналысса жағдай тым бөлек болар еді. Өйткені мұндай тіршілік оның қолы емес. “қалауын тапса, қар жанар” дегенмен де, әркім қалаулы ісін кәсіпке айналдыруға болады.
Қолдан келгенді кәсіпке айналдыру да оңай шаруа емес. Жалдамалы жұмыстан нәпақа тауып отырғандарға қарағанда мұндай тәуекелділікке барғандардың аты алысқа шабады. Мәселен, кент тұрғыны Мөлдір Аққайырова сөзіміздің дәлелі. Кейіпкеріміз кәсібін киім сатудан бастаған.
– Кәсібімді бастағаныма 3 жыл болды. Тіршілігімнің қолайлы жүруіне жолдасымның анасы көп септігін тигізді. Бірінші әйелдер киімі сатылымда болды. Екі жылдан кейін сатылым деңгейін ұлғайтып, қазіргі уақытта барлық жастағы отбасылық киімдерді сатумен айналысамын. Негізі жеке кәсіп бастауға ниеттенген адам үлкен тәуекелге барады. Өйткені, бастаған істің дамуына ешкім кепілдік бермейді. Сол үшін алдыңызға айқын мақсат қойып, соның жолында ерінбей тер төгесіз. Жеке кәсіптің тиімділігі өз пайдаңызды өзіңіз жоспарлайсыз! Армандар орындалады, тек мақсат айқын болса ғана, – дейді М.Аққайырова.
Кейіпкеріміз бұрын тауарды Алматы, Шымкент қалаларынан тасымалдаған. Кейін Түркиядағы кәсіпорындарға тікелей тапсырыс беру арқылы кәсібін өрістетіп отыр. Одан қалды интернет желісінде тапсырыс қабылдауды қолға алған. Инстаграм желісі арқылы сауда жасауды кәсібінің өзекті желісіне айналдырған.
Әр адам өз кәсібін бастау арқылы, өзгелерге үлгі болады. Оның қызметі жандана бастаса, әрі қарай оны игеруге деген ынта-ықыласы оянып, өзгелерге ақыл-кеңесімен бөлісіп, ойын ортаға салады. Сондай ізгіліктің үлгісіне айналған жандардың бірі – Қармақшы ауданының тұрғыны Меңлік Ақышева. Қазіргі таңда кәсіпкер «АНК Даулет» мекемесінің Аэропорт ғимаратында жұмыс істеуде. Оған кәсіп бастар алдында өзінің әкесі: “Балам, белгілі бір кәсіппен айналысатын адамның қаржысы болуы, екінші есебі дұрыс болуы керек”, – деп ылғи да ақылын айтып отыратын болған. Осы бағытынан жаңылмай келе жатқан жас кәсіпкер өз кәсібінің алға жылжуы үшін нысанды заманауи технологиямен жабдықтап, оның дамуы үшін көп еңбектену керек екенін тілге тиек етті.
Әр адам кәсіп бастар алдында ең бірінші көп табысты қалайтыны жасырын емес. Бірақ, біз тілге тиек еткелі отырған келесі кәсіпкер пайданы көздеуді о баста мақсат тұтпаған. Ол әлі күнге адамдарға жақсылық жасағысы келіп тұрады. Оның бір дәлелі көптеген адам жағдай сұрап келгенде, бетін қайтармай қол ұшын созып отырады. Біздің кезекті кейіпкеріміз – Қармақшы аудандық тұтыну кооперативінің директоры Үрзада Бекмұрзаева.
Қазіргі таңда бұл кооператив аудан және ауыл-аймақтағы елді-мекендерді азық-түлік, мал жемі, көмір, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп отыр. Азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ, мал азығы ауданға Қостанай, Қара­ғанды өңірінен жеткізілсе, көмірді Екібастұз, Павлодар аймағынан, ал құрылыс заттарын Ресейден тасымалдап отырған жайы бар. Кәсіпкер 50 адамды жұмыспен қамтуда.
Үрзада Бекмұрзаева бір тірліктің басында тұралап қалуды ойлаған емес. Кәсібін жандандыру оның басты - мақсаты. Мұны күнделікті тірлігінен аңғаруға болады. Мәселен кейіпкеріміз «Қармақшы», «Жұлдызды отау», «Нұржігіт» мейрамханалары мен «Әйгерім» сауда үйінің тізгінін ұстап отыр. Сонымен қатар, кәсіпкердің елді мекендерде де дүкендері бар. Сол дүкендер арқылы азық-түлікпен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етуде. Кәсіпкер қайырымдылық жасаудан да кенде емес. Мәселен «ораз ахун» мешітінің салынуына да қаржылай қолдау көрсетті. Өмір сүрудің мәні – өзіңе берілген жұмысты адал атқару деп түйсінеді кәсіпкеріміз.
Осындай аздан бастап, көп іс тындырған жандардың өмірі бізге қашанда үлгі. Қай істе болмасын адалдық деген кіршіксіз дүниеге кір түсірмеу азаматтық парыз екені бесенеден белгілі. Біз бірнеше кәсіпкердің жұмысымен таныстық. Биыл облыста жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды. Ал мұндай кәсіп иелері кәсібін жаңа ашқандарға ісімен тәлім берері сөзсіз.
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА
29 қаңтар 2018 ж. 1 872 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031