» » ШАШТАРАЗ ШЕБЕРІ

ШАШТАРАЗ ШЕБЕРІ


Бала кезінен бауырлары мен сіңлілерінің шашын жасап, қиып-қысқартып беретін Әмірәлиева Анар Бағдатқызы бұл қызығушылығын кейін келе кәсіпке айналдырды.
Жеке кәсіпкер бүгінде Жосалы кентіндегі Айсауытов көшесінен шағын жайды жалға алып жұмыс жасауда.
-Осыдан бес жыл бұрын «Шаштараз шебері» мамандығы бойынша білім алып, кәсіпке назар аудара бастадым. Қазір еңбектің уақыты. Ол жалқаулықты көтермейді. Байқасаңыз, тойлар мен мерекелік кештерге қыздарымыз бен жеңгерлеріміз шаштарын, беттерін әрлемей бармайды.  Яғни, бұл шашараз кәсібіне сұраныстың артқанын білдіреді деген сөз.
Халықпен жұмыс жасау бір жағынан қызық, бір жағынан жауапкершілігі бар. Әрбір тұтынушының көңілінен шығу, оның жасына, бет-әлпетіне сай шаш үлгісін жасау, бет әрлеу, бояулар таңдау шеберлікті, тәжірибені қажет етеді. Мамандығыңды  жақсы көрсең-әрине, мұның барлығын да оңай еңсеруге болады.
Бүгінде арамызда жұмыссыздықты желеу етіп екі қолын бос қусырып жүрген жастарымыз бар. Оларға айтарым, еңбектенуден қорықпаңыздар. Кез келген адамның бір нәрсеге иекемі болады. Сол мүмкіндікті пайдалана білсең болғаны. Табысқа жеткен, кәсібін дөңгелеткен адамдар табысқа бір күнде жеткен жоқ. Олардың табысты болуының сыры-еңбекте, төзімділікте, мақсат қоя білуде жатыр,-дейді шебер.
Тұрғындарға қол жетімді бағада қызмет көрсететін Анардың шаштараз салоны әрдайым тұтынушыға толы. Оның сапалы қызметіне жас та, қарт та дән разы.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА.
26 желтоқсан 2017 ж. 2 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 253
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031