» » КӘСІППЕН КӨГЕРГЕН КӨСЕГЕ

КӘСІППЕН КӨГЕРГЕН КӨСЕГЕ

 Қазір нарық заманы. Аталарымыз айтқандай, берекені көктен емес, еңбектен іздейтін шақ. Жұмыссыздықты желеу етіп, екі қолды қусырып отыру-үлкен қатер, азаматқа сын. Қорықпай, тәуекел етіп, кәсіпкерлікті қолға алғандар бүгінде тұрмысын түзеп, түтіні түзу шығуда. Жеке кәсіп ашып, шағын және орта бизнес бастағысы келетіндерге мемлекет тарапынан қолдаулар бар.
Кәсіпкерліктің қашан да көкжиегі кең. Оны дамытқан, жетілдірген сайын  мәуелі бақтай өз жемісін береді. Кәсіптің ыстық-суығына төзіп, одан нәсібесін тауып жүрген жандар арамызда аз емес.       
Соның бірі-жеке кәсіпкер Рыскүл Қасымқызы. Жосалы кентінің Мүсірбаев көшесінде орналасқан оның «Әлішер» аралас сауда дүкені  тұрғындарға бірнеше қызмет түрін көрсетеді. Сапалы қызметімен тұтынушы алғысына кенелген жеке кәсіпкер 90-жылдары базарда кілем сатумен айналысқан. 2002 жылдан бастап уақыт талабымен кәсіпкерлікке иек артып, «Әлішер» дүкенін ашады. Бертін келе оны отбасылық кәсіпке айналдырады.
Бүгінде кәсіпкердің жұбайы Жиеней Тілеубергенов автокөлік сервис орталығында көліктердің  дөңгелектерін желімдеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданса, қызы Ақбота Тілеубергенова  анасының тігін цехында дизайнер болып істейді.
Тігін цехында қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық нақыштағы қыз жасаулары, перде, көрпе-көрпеше, мектеп формалары, тағы да басқа өнімдер тігіледі. Сұраныс жаман емес. Бағалары да қолжетімді.
2 бала мен 6 немеренің ардақтысы жаңа жылға жаңа табыстармен келіп отыр.  –«Еңбек бар жерде-өнбек бар» дегендей, осы еңбектің арқасында бала-шағамызды өсіріп, оларды да кәсіпке баулудамыз. Адамды адам ететін де, көсегесін көгертетін де-еңбек. Базарда тұрып кілем сатудан басталған  кәсібіміз дөңгелеп келеді. Алдағы уақытта шашатараз ашу ойда бар,-дейді Рыскүл Оспанова.  
Бір кәсіптен бірнеше кәсіптің көзін тауып, оны дөңгелетіп отырған Рыскүл Қасымқызының кәсіптегі, отбасындағы жетістігі кімге болса да үлгі, өнеге. Өңір дамуына титімдей де болса үлес қосып жүрген кәсіпкерге жаңа жылда жаңа табыс тілейміз.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
03 қаңтар 2018 ж. 1 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031