» » Кәсіп ашқысы келетіндер 19 млн теңгеге дейін несие ала алады

Кәсіп ашқысы келетіндер 19 млн теңгеге дейін несие ала алады

Кәсіп ашқысы келетіндер 19 млн теңгеге дейін несие ала алады
Кәсібін ашам деушілерге 19 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік беріліп отыр.
Алайда қарыз алушы қаржыны 5 жылда қайтаруы тиіс. Ал ауылшаруашылығын дамытамын деушілер несие мерзімін 7 жылға дейін ұзарта алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі мәлім етті. Ерболат Абулхатиннің айтуынша, қосымша қарастырылып отырған 20 млрд теңгенің 14 миллиарды ауылдық аймаққа, 6 миллиарды қалалық жерде бизнес ашуға бағытталмақ. Биыл Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында 14 мың шағын несие беріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Ерболат Абулхатин, ҚР ЕХӘҚМ департамент директорының орынбасары:
– Ауылдық жерлерде кепілдендіру мәселесі көп кездеседі. Соған байланысты осы бағдарлама аясында жаңа тетіктер енгізілді. Енді бастапқы кәсіпкер болса, бизнесін енді бастап жатқан азаматтарға алып жатқан қарызының 85 пайызын мемлекет кепілдендіреді. Ал бизнесін одан ары дамытатын азаматтарға 50 пайызын мемлекет кепілдендіретін болады.
Бауыржан Оразғалиев, «Атамекен» ҰКП департамент директоры:
– Біз 80 ауданның орнына биыл 160 ауданды қамтимыз. Еңбек министрлігінің ұсынысы бойынша қалаларды қамтып отырымз. 14 облыс орталығы мен 27 моноқаланы оқытамыз. «Бастау» жобасына сұраныс бар. Биыл 30 мың адам оқытып, кемінде 6 мың адамы бизнес ашуға жағдай жасаймыз. Осы бағдарлама аясында 5 жылда 135 мың адам қамтимыз. Кемінде 27 мың адам бизнес ашуы керек.
05 сәуір 2018 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930