» » НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

«ҚазАгро» ұлттық холдингі электрондық жүйені енгізеді, ол ауылшаруашылық кәсіпкерлерінің Холдингтің еншілес қаржыландырушы ұйымдарының, яғни «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамдары желісі бойынша несиелеу процессін біршама жеңілдетеді. Әңгіме ауылшаруашылығы өнеркәсібі субъектілерінің несиелеуге өз құжаттарын нақты уақыт режимінде қолайлы сервис арқылы беру үшін несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесін пайдалануға беру туралы болып отыр. Осы ретте, әлеуетті қарыз алушы несие немесе лизинг алу үшін өтінімдерін холдингтің несиелеуші компанияларының офистеріне бармай-ақ, мемлекеттік және орыс тілдерінде беру мүмкіндігін алады және ол уақыт пен қаржы шығындарын біршама қысқартады. Мұнан басқа, бұл жаңалық фермерге өзінің «Жеке кабинеті» арқылы өтінімдерді қарастыру процессін қадағалауға әрі кері байланыс алуға мүмкіндік береді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі мамандары айтқандай, енгізілген жүйе холдинг компаниясы бойынша қызмет көрсету процессінің ыңғайлылығы мен ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге бюрократиялық рәсімдерді азайтады және сыбайлас жемқорлық факторларының туындау мүмкіндігін болдырмайды.
Ал, енді электрондық форматтағы несие өтінімдерін беру туралы айтар болсақ, ол үш қадамнан тұрады. Нақтырақ айтқанда, клиент «ҚазАгро» ұлттық холдингінің интернет-порталында мақсат пен бағдарламаны таңдайды, олардың құқығын белгілейтін құжаттарды бекітеді, сонымен бірге несиелеудің таңдалған параметрлерін тексереді және жөнелтеді, содан кейін барып қалыптастырылған электрондық несие өтінімі тиісті еншілес ұйымға түседі. Несие өтінімін қарастыру нәтижелерін қарыз алушы холдинг порталындағы «Жеке кабинетте» бақылай алады. Бұдан басқа, несие менеджері «онлайн-режимінде» клиентке хабарлама жолдай алады және қажет болған жағдайда клиент несие өтінімін құжаттармен толықтыра алады.
Электрондық жүйені енгізу «ҚазАгроның» мамандарына электрондық форматтағы құжаттарды алуды автоматтандыруға, жобаларды қарастыру мерзімін азайтуға, аграрлардың «Бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетуге ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұдан басқа несие өтінімдерін жинақтау және өңдеу жүйесін дамыту шеңберінде холдинг оның функциональдық мүмкіндіктерін кеңейту – кепілдік пен ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға өтінімдерді беруді автоматтандыру, мемлекеттік органдар жүйелерімен біріктіру, АӨК барлық субъектілері үшін толық функциональдық call-орталықтарын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, субсидиялаудың үш түрі бойынша, яғни несие және лизинг бойынша мөлшерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер қарастыру, мақұлдау және төлеуді қабылдау процестерін толық автоматтандыру аяқталды. 2018 жылы субсидияның қалған 51 түрі бойынша аяқтау жоспарланады. Бұл мемлекеттік қызмет алуды жеңілдетуге, мерзімін орташа 18 күннен 1 күнге дейін қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Абзал ШОҚБАРОВ,
аудандық кәсіпкерлер палатасының төрағасы.
08 ақпан 2018 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031