» » » Облыстық жыр фестивалі өтті

Облыстық жыр фестивалі өтті

Кеше Төретам кентінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жыраулық өнердің көрнекті өкілі Көшеней Рүстембекұлының 75 жылдығына арналған «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты жыршы-жырауларлардың облыстық жыр фестивалі өтті.
Өнер фестиваліне аудан басшысы Қайрат Ырзақұлұлы қатысып, бабадан қалған жыр аманатты жеткізуші, Сыр сүлейлерінің бүгінгі мұрагер ұрпақтарына алғысын білдіріп, ақын-жырауларға сәттілік тіледі.
Фестивальге Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, жыр мектебінің өкілдері Думан Ахметов, Айбек Тәңірбергенов, Айгерім Ешбаева, Зәуре Кәрібаева, Тоғжан Бақытова, Руслан Өтегенов, Динар Рахман қатысты.
Жиналған жұртшылық жыраулардың шеберлігі мен шешендігіне ерекше ықылас танытып, шабыт беріп отырса, жыраулар жырға шөлдеген елді сөз құдіретімен сусындата алды.
Сондай-ақ, айтулы іс-шара аясында Көшеней Рүстембекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

30 қараша 2021 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 096
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 304

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031