» » Аудан басшысы Ақжар ауылында

Аудан басшысы Ақжар ауылында


Аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов сәрсенбі күні Ақжар ауылына жұмыс сапарымен барды.
Алдымен мемлекеттік бағдарлама аясында 555 мың теңге грант алып, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер Дархан Дүкенбайқызының «Талап» тәтті өнімдер наубайханасының жұмысымен танысты.
Қазір шағын наубайханада 4 адам жұмыспен қамтылып, пицца, самса, бәліш және басқа да нан өнімдері дайындалып, ауылдағы дүкендерге сатылып келеді.
Әрі қарай сапар барысында аудан әкімі ауылдық клуб үйінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің және қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, «Күміс көмей – Көшеней» атты облыстық жыршы-жыраулар фестиваліне қатысты.
Көшеней Рүстембековтің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивалді Қайрат Ырзақұлұлы ашып:
«Сыр елі – жыр елі» дегенде жыраулық өнердің туын тіккен, рухани әлемге 100 жырау сыйлаған қасиетті Қармақшы ауданының орны айрықша. Осы киелі шаңырақта Дүзбембет, Дүзбембеттен туған Жиенбай, одан туған Рүстембек, Рүстембектен тараған Көшеней мен Бидас, Көшенейден Арнұр, міне осылай атадан балаға ешбір үзіліссіз беріліп келе жатқан табиғи заңдылық таза қалпымен керуендей көшіп келеді» -деген аудан басшысы, бабадан қалған жыр аманатты жеткізуші, Сыр сүлейлерінің бүгінгі мұрагер ұрпақтарына сәттілік тіледі.
Сапар соңында ауылдағы 88 жастағы ең қарт зейнеткер, «Батыр ана» – Ерманова Халияш апайдың шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайын біліп, ізгі лебізін жеткізді.
Халияш апай – 28 жыл аспазшы болып жұмыс жасаған. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері. «Ұлы отан соғысына 70 жыл», «Ұлы отан соғысына 75 жыл», «Еңбек ардагері», «Ақжар ауылының 60 жылдығы» медалдарымен марапатталған.
Жолдасы Қадіров Мұсабек екеуі 8 бала, 40 немере 60 шөбере тараған.

14 қазан 2021 ж. 681 1

May от 28 мамыр 2025 09:06
Truly quite a lot of wonderful facts. casino en ligne France Incredible tons of awesome advice! casino en ligne Lovely posts, Regards! casino en ligne You actually explained this effectively. casino en ligne Beneficial knowledge Cheers. casino en ligne France You actually stated this adequately. casino en ligne Reliable advice Cheers! casino en ligne France Nicely put, Many thanks! casino en ligne Many thanks, Loads of information! casino en ligne fiable Appreciate it! Lots of material! casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

№38 (10406)

24 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 856
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30