» » Құрмет грамотасымен марапатталды

Құрмет грамотасымен марапатталды


Қармақшы ауданының әкімі Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы Байқоңыр қаласы бойынша «Жұмыспен қамту орталығының» директоры Сүйеуімбетов Шайқыбек Шайхисламұлын қабылдап, облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының және облыстық мәслихатының хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлының «Құрмет грамотасын» және аудан әкімінің құттықтауы табысталды.
Кездесуде аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы мерейтой иесі Шайқыбек Шайхисламұлына зейнет демалысына шығуымен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
-Өзіңіздің іскерлік қабілетіңіз бен кәсіби шеберлігіңіздің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып, еңбекпен еселенген өнегелі өмір жолыңызда өңіріміздің дамуы үшін қызмет жасадыңыз. Алдағы уақытта «Үлкенге –ізет, кішіге қамқорлық» деген қазақтың қарапайым қағидасын ұстанып, жайдарлы мінезіңізбен адалдықпен атқарған ісіңіздің зейнетін көріп, абырой биігінен көріне беретініңізге сенімдемін,-деді аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы.
Сонымен қатар қабылдауда аудандық мәслихатының хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді.
Өз кезегінде Шайқыбек Шайхисламұлын аудан әкімінің арнайы қабылдап құттықтауына ризашылығын жеткізіп, алдағы уақытта еңбегінің табысты да абыройлы болуына тілектестігін білдірді.
23 шілде 2021 ж. 1 767 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930