» » Ауыл шаруашылығы саласының майталманына құрмет көрсетілді

Ауыл шаруашылығы саласының майталманына құрмет көрсетілді

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков «1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» мерекесі аясында ауыл шаруашылығы саласының үздігі Сабытбек Жолмахановты қабылдады.
Зейнеткерлікке шығуына орай аудан басшысы ардагерге «Құрмет грамотасын» табыстап, сый-сияпат жасады.
Кездесуде сөз алған Мұса Оспанұлы
- Саналы ғұмырыңызды мемлекеттік қызметпен ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне арнап, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық өсіп өркендеуі жолындағы адалдықпен атқарған ісіңіздің арқасында ел құрметіне ие болып келесіз.
Адамның өмір жолының асқар биігі – зейнеткерлік белесінде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, ұрпақтарыңызға бақ - береке тілеймін деп ізгі тілектестігін жеткізді.
Сабытбек Жолмаханов 40 жылдын аса ауыл шаруашылығы саласы мен мемлекеттік қызметте абыроймен еңбек етіп, бірнеше рет мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың алғыс хаттарын және медалдарын иеленген.
Кездесу барысында Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов сөз сөйлеп, ардагерлер кеңесінің құттықтауымен марапаттады.
Сонымен бірге аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлы, аудан ардагері С.Медеуов сөз сөйлеп, ізгі тілектестіктерін жеткізді.
Өз кезегінде мерейтой иесі Сабытбек Жолмаханов ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.
Кездесу соңын аудан әкімі М.Қалдарбеков қорытындылады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қазан 2020 ж. 1 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 487
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930