» » Ардагерлер ауыл аралады

Ардагерлер ауыл аралады

Аға буын қашанда кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Парасат-пайымның биігінен көрініп, келелі істерді көтеруде ардагерлердің рөлі ерекше. Осы орайда, республикалық ардагерлер ұйымының жауапты хатшысы Бейбіт Оспанов жұмыс сапарымен ауданда болды. Алдымен аудан әкімі Мұса Қалдарбеков арнайы қабылдап, ардагерлермен бірлесе атқарылған жұмыстар жайын баяндады.
Мұнан соң пандемия талаптарын сақтай отыра ардагерлер үйінде шағын құрамда бас қосты. Алғашқы сөзді алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов кеңестің жоспарлы жұмыстары туралы есеп берді. Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ардагерлер кеңесі жұмысын жетілдіру бағытында ұсыныстар білдіріп, тәжірибесімен бөлісті. Одан әрі меймандар кент орталығында орналасқан Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдегі ардагерлердің бастауыш ұйымында болып, мектеп музейімен танысты.
Ардагерлер кездесуден соң Дүр Оңғар ауылына ат басын тіреді. Мұнда олар «Жаңажол» серіктестігінде болып, күріштің жаңа сортымен танысты. Сонымен қатар бірлігі бекем, ынтамағы берік ауылдағы атқарылып жатқан жұмыс барысын көзбен көріп, ауыл халқына ризашылығын білдірді.
Сапар одан әрі ІІІ Интернационал ауылында жалғасты. Мұнда ардагерлердің бастауыш ұйымының жұмысымен және ауылдық округтегі шаруашылық жұмысымен танысты.

Ақнұр Сағынтай
26 желтоқсан 2020 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 730

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031