» » Аудан ардагерлері ауылдарды аралап халықпен кездесті

Аудан ардагерлері ауылдарды аралап халықпен кездесті


Ауданымызда республикалық ардагерлер ұйымының жауапты хатшысы Бейбіт Оспанов жұмыс сапармен келді.

Алдымен Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков арнайы қабылдап, аудан ардагерлерімен ынтымақтастықта атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

Пандемия талаптарына орай ардагерлер кеңсесінде шағын құрамда өткен басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға кеңестің жоспарлы жұмыстары туралы есеп берсе, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Дүйсенбаев Серік Әбішұлы ардагерлер кеңесі жұмысын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасап, тәжірибесімен бөлісті. Одан әрі меймандар Жосалы кенті орталығында орналасқан Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп – лицейдегі ардагерлердің бастауыш ұйымында болып, мектеп музейімен танысты.

Сонымен бірге Дүр Оңғар ауылындағы «Жаңажол» ЖШС – де болып, күріштің жаңа сорттарымен және ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыс барысын көрді.

Сондай-ақ ІІІ Интернационал ауылдық округінде болып, ардагерлердің бастауыш ұйымының жұмыстарымен және ауылдық округте шаруашылық тарапынан атқарылған жұмыстармен танысты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 желтоқсан 2020 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 500
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 297

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930