» » Ардагерлер Байқоңырда бас қосты

Ардагерлер Байқоңырда бас қосты

Жұлдызды қалашықта ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі өкілінің жұмысын қамтамасыз ету басқармасының қолдауымен облыс ардагерлерінің семинары өтті.
Облысымыздың әр аймағынан келген делегация мүшелері алдымен №277 мектеп-лицейді аралап, білім беру мекемесінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жұмагүл Тілеуқабылованың ұстаздар мен шәкірттердің жетістіктері жайлы хабарламасына қанықты. 
Сондай-ақ, сол мектепте Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Қарттарым – асыл қазынам» атты семинарға қатысты.
Семинардың алғы сөзінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев шараның өткізілу мақсатымен таныстырып, аймағымызда ардагерлерге көрсетіліп жатқан қамқорлықтар, оның ішінде облыс әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан түрлі мәдени шаралар және басқа да игі істер жайында әңгімеледі.
ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі өкілінің жұмысын қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов бүгінгі күні Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті және Ақай ауылы бойынша 1539 зейнеткер, 127 тыл ардагері тіркеуде тұрғанын және сол еңбек ардагерлерінің 420-сы, тыл ардагерінің 48-і Байқоңыр қаласының тұрғындары, сонымен қатар қалада 154 «Алтын» және «Күміс» алқа иегері бар екенін айтты. Сондай-ақ, бар саналы өмірін туған жері мен халқының болашағына арнап, бүгінде сол еткен еселі еңбегінің зейнетін көріп отырған ардақты жандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар туралы әңгімеледі.
Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Николай Петрович Адасеев, облысқа еңбегі сіңген ардагерлер Қуанышбай Шапшаңов пен Нұрлыбай Ұлықпанұлы, Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Табынбай Алмаханов және №277 мектеп-лицейінің жас маманы Құндызай Темірхановалар тақырып аясында пікірлерін зерделеп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.
Семинар соңында оған қатысушылар қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Ардагерлердің облыстық семинары одан әрі жұлдызды қалашықтың мәдени орындарымен және қалалық ардагерлер үйінің жұмысымен танысумен жалғасты. 
Делегация мүшелері алдымен ардагерлер үйінде болып, қариялардың концерттік бағдарламасына зейін қойды, кеңес төрағасы Табынбай Алмахановтың ардагерлер үйі мен оның мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. «Союз» ғарыш кемесі монументінде суретке түсіп, ұлт данышпаны, ақын Абай Құнанбаевтың ескерткіші жанында ақынға арналған құранға қол жайды.
Байқоңыр қаласында облыстағы барлық аудандардың ардагерлері кеңестері делегациясының қатысуымен өткен шара соңында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының мәжіліс залында қорытынды жиын өтіп, онда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, басқарма басшысы Жасұлан Абатов және әр аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағалары сөз сөйлеп, игі іске бастамашы болған азаматтарға алғаусыз алғыстарын айтты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
09 қазан 2019 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930