» » Байқоңыр – татулық пен достықтың белгісі

Байқоңыр – татулық пен достықтың белгісі

Байқоңыр қаласында көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Енді қабырғасы сарғайып, шатыры көнерген ғимараттар азайып, заманауи кең сарайлар шаһар көркін шырайландырмақ. Бүгінде аталған жұмысқа қомақты қаражат бөлініп, тұрғын үй түсетін жер тегістелуде. Бұл туралы кеше Байқоңыр қаласында Қазақстан Коммунистік партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы мен достығы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов пен Владислав Косарев, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтар қатысты. Мәртебелі меймандар алдымен орталық алаңдағы В.Лениннің ескерткішіне гүл шоғын қойды.
– Байқоңыр – стратегиялық маңызы жоғары қала. Біз оның мүмкіндігін пайдалана білуіміз керек. Осы айлақтың жемісі болар, осы күні Қазақстанның үшінші толқыны ғарыш саласын меңгеріп, арнайы мамандануда. Олар осы жұлдызды қалашықты дамыту үшін тер төгетін болады, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Косарев.
Мәжілісмен Байқоңыр тұрғындарының мәселелеріне байланысты өзінің депутаттық сауал тастап, түйткілдердің тарқау жолын ұсынып жүргенін жеткізді. Солардың бірі өңірдегі салық заңнамасы. Мұндағы салық халықтың қалтасына салмақ салатын көрінеді. Сол себепті білім мен медицина саласын қазақстандық жүйеге енгізген үкіметтен салық заңнамасын да отандық жүйеге енгізсе дегенді ұсынып отыр. Аталған мәселенің көтеріліп жүргеніне де біршама уақыт болды. Облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов Байқоңырдың бүгінгі дамуына қарап, бұл түйіннің де шешілер сәті алыс емес екенін жеткізді.
– Байқоңырға жыл басынан бері халық қалаулыларымен бірнеше мәрте ат басын тіреппін. Жұртшылықпен жүздесіп, мұң-мұқтажын тыңдадық. Кәсіпкерлердің мәселесіне де құлақ түрдік. Осыған дейін көгілдір отынға қосылса, енді тұрғын үй құрылысына қыруар қаржы бөлінді. Бұл күнде құрылыс алаңы дайындалу үстінде. Жер мәселесі шешімін тапты. Кейбір құқықтық мәселелер бар екені рас, алайда ол мәселеге орай екі ел де жұмыс істеп жатыр. Жақын арада шешіліп қалатынына сенім мол, – деді облыстық мәслихат хатшысы.
Мәжілісмен А.Тасболатов Байқоңыр қаласын құруда еңбек еткен, құрылыс саласының ардагері Мұратбек Ниязовты ерекше атап өтіп, құрмет көрсетті. "Тарихты жасаған тұлғаларға қашан да құрметіміз жоғары" дегенді тілге тиек еткен ол облыс дамуына баға берді.
– Байқоңыр – қасиетті топырақ, жер кіндігі. Қармақшы өңіріне келгенде рухани жаңғырып, Марал бабаға тәу етіп, бір ауылдан жүз шайыр шыққан мекенге тағзым жасаймыз алдымен. Облыстың дамуына көз тастап риясыз разы боламыз. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Байқоңыр үшін де біршама тер төкті. Астаналықтар енді ғана қол жеткізетін көгілдір отынды байқоңырлықтар пайдаланып отыр. Арал мен Жаңақорғанның арасы жайнап келеді. Әр келген сайын жаңашыл дүниелерді көріп, көңіліміз марқаяды. Басқа облыс әкімдеріне Қызылорданы үлгі етіп айтамын. Басында экология тәрізді қиындық болса да, мойымай, шыдап, енді міне дамудың даңғыл жолында келеді, – деді А.Тасболатов.
ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов қаланың дамуында атқарылған біршама жұмысты тілге тиек етті. «Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен достық жаңа деңгейге көтерілді» деді ол өз сөзінде. Қазақстандық стандартқа қосылған әлеуметтік нысандар мен жаңадан салынатын ғимараттар жайына тоқталды ол. Жиында сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Алмаханов қарттарды демалыс орындарына жолдама арқылы жөнелтуді көбейтсек деген ұсынысын жолдады. Ал денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығы мәселесін көтерген ардагер М.Ниязовқа алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізген Н.Байқадамов бұл республика бойынша алдыңғы кезекте тұрған түйткіл екенін айтты.
– Медицина саласында маман тапшылығы республика бойынша көтеріліп жүр. Қазір облыс бойынша жылына жиырма маманды оқытудамыз. Бұл бір немесе екі жылда шешіле салар мәселе емес. Сондықтан «сабақты ине сәтімен» дегендей, кезең-кезеңімен шешіледі, – деді Н.Байқадамов.
Жиын соңында бірқатар азаматтар Қазақстан Коммунистік партиясының естелік медальдарымен марапатталды.
Дәулет ҚЫРДАН,
Байқоңыр қаласы.
11 маусым 2018 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031