» » ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЛАНЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЛАНЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

 Кеше Байқоңыр қаласында Қазақстан Коммунистік партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы мен ­дос­тығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов пен Владислав Косарев, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов қатысты. Мәртебелі меймандар алдымен орталық алаңдағы В.И.Ленин ескерткішіне гүл шоғын қойды.

– Байқоңыр – стратегиялық маңызы жоғары қала. Біз оның мүмкіндігін пайдалана білуіміз керек. Осы күні Қазақстанның үшінші толқыны ғарыш саласын меңгеріп, арнайы мамандануда. Олар осы жұлдызды қалашықты дамыту үшін тер төгетін болады, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В.Косарев.
Мәжілісмен өзінің осы қала тұрғындарының мәселелеріне байланысты түйткілдердің тар­қату жолдарын ұсынып жүргенін жеткізді. Солардың бірі – көрші ел заңнамасымен салынатын мұндағы салықтың халықтың қалтасына түсірген салмағы. Депутат жұлдызды қалашықтағы білім мен медицина саласын қазақстандық стандартқа көшір­ген Үкіметтен салық заңнамасын да отандық жүйеге ауыстыруды ұсынып отыр. Аталған мәселенің көтеріліп жүргеніне де біршама уақыт болды. Облыстық мәс­лихат хатшысы Н.Байқадамов бұл түйіннің де шешілер сәті алыс емес екенін жеткізді.
– Байқоңырға жыл басынан бері бірнеше мәрте келдік. Жұрт­шылықпен жүздесіп, мұң-мұқтажын тыңдадық. Кә­сіп­керлер мәселесінен де хабар­дармыз. Осыған дейін қала көгілдір отынға қосылса, енді тұрғын үй құрылысына қыруар қаржы бөлініп, жаңа баспаналар салына бастайды. Бұл күнде құрылыс алаңы дайындалу үстінде. Жер мәселесі шешімін тапты. Кейбір құқықтық мәсе­лелер бар екені рас, алайда ол мәселеге орай екі ел де жұмыс істеп жатыр. Жақын арада шеші­ліп қалатынына сенім мол, – деді ол өз сөзінде.
Мәжілісмен А.Тасболатов Бай­қоңыр қаласын құруда еңбек еткен, құрылыс саласының ардагері Мұратбек Ниязовты ерек­ше атап өтіп, құрмет көр­сетті. «Тарихты жасаған тұл­ғаларға қашан да құрметіміз жоғары» дегенді тілге тиек еткен ол облыс дамуына жоғары баға берді.
ҚР Президентінің «Бай­қоңыр» кешеніндегі арнаулы өкі­лінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақытбек Бекпанов қаланың дамуында атқарылған біршама жұмыс және Қазақстандық стандартқа қо­сылған әлеуметтік нысандар мен жаңадан салы­натын ғимараттар жайына тоқ­талды.
Жиын соңында бірқатар аза­мат Қазақстан Ком­му­нис­тік пар­­тиясының естелік медаль­да­ры­мен марапатталды.

Дәулет ҚЫРДАН,
журналист.
Байқоңыр қаласы.
07 маусым 2018 ж. 1 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031