» » Сәттілік тілеген күн

Сәттілік тілеген күн

«ҚазҒарыш сапары» мекемесінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Салауатұлының «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының активтерімен кездесу болып өтті.
Кездесуді «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Серік Салауатұлы ашып, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының кадрлық өзгеріспен таныстыру туралы күн тәртібімен таныстырып өтті.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Дүйсенбайұлы сөз алып, үлкен жұмыс атқарғаны үшін Дауленбаев Ануарға алғыс айтып, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне білікті де тәжірибелі жас маман, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешенінің арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарған Бекпанов Бақытбек Тұрсынбекұлы кандидатурасы ұсынылды. Орталық партия аппараты тарапынан облыстық филиалының ұсынысына сәйкес Бақытбек Бекпанов осы қызметке лайық деп танылып, тағайындалды.
Б.Бекпанов жаңа қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайтының айтып, Елбасының саясатын, қоғамдық саяси ахуалдың тұрақты қалыптасуына аянбай жұмыс жасайтының жеткізді.
Жиынды қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының төрағасы Серік Салауатұлы Б.Бекпановты құттықтап, алдағы жұмысқа сәттілік тіледі.
13 қыркүйек 2018 ж. 1 771 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930