» » Қарты бар елдің қазынасы бар

Қарты бар елдің қазынасы бар

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген інілеріне ізеттілігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше. Олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.

Біз «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен халықпыз. Содан да болар, біздің халықта көпте кездесе бермейтін үлкенді сыйлау деген ұғым әлі күнге жалғасып келеді.

Қазақ халқының ардақты ардагерлері жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз. Міне, бүгін осындай теңеуге лайық ардақты ағаларымызбен кездесудің сәті бұйырды.

Ауданымызда Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, республикалық ардагерлер ұйымының жауапты хатшысы Оспанов Бейбіт болып, ардагерлер кеңесі жұмысын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есдәулетов Қаршыға ағамыздың жұмыс жоспарына сәйкес қарияларымызды әлеуметтік қорғауға, денсаулығын жақсартуға, қоғамдық өмірге тартуға бағытталған белсенді шаралар жүргізіліп келеді.

Ақылы – дария, білімі – теңіз, тәжірибесі мол ардагерлеріміздің еңбекпен еселенген, құрмет пен алғысқа бөленген өнегелі өмір жолдары жастарға зор мақтаныш.

Сіздер әрдайым арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, Тәуелсіз елімізді дамытудағы іргелі істерді бірлесе атқаратынымызға сенімдеміз.

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

23 желтоқсан 2020 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031