» » Аудан әкімі ардагерге құрмет көрсетті

Аудан әкімі ардагерге құрмет көрсетті

Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», «Ғасыр кәсіпкері» қазіргі таңда 90 жасқа жақындаған іскер ұйымдастырушы, абзал ана Махмудова Шынар апайдың шаңырағында болып, мерейлі мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі Мұса Оспанұлы ардақты ардагерге сый-сияпат жасап, ізгі лебізін жеткізді. «Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздің өмір жолыңыз кейінгі жастарға үлгі болатынына сенімдемін», - деді аудан басшысы.
Өз кезегінде ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Бүгінгі таңда «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» аясында ауданымыздың ардагерлеріне құрмет көрсету бағытында бірқатара шаралар жасалуда.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 қазан 2020 ж. 1 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930