» » КОЛЛЕДЖДІҢ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

КОЛЛЕДЖДІҢ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қарттарды қадірлеу, үлкенді үлгі етіп, құрметтеу қазақы болмысымыз мен тəрбиемізге тəн ұлағатты тəлім. Қазақ даналығында "Қарты бар үйдің қазынасы мол" деген тəмсіл бар. Қарттарымыз өнегелі өмір жолымен өскелең ұрпаққа үлгі болар асыл жандар. 1 - қазан "Халықаралық қарттар күні" мерекесіне орай үстіміздегі жылдың 1- қазан күні ұзақ жылдар бойы ерен еңбегімен, ұрпаққа үлгі ұстаздық қызмет атқарған колледж ардагерлеріне ізгі ілтипат, құрмет көрсету мақсатында "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" тақырыбындағы кеш болып өтті. Шараға Қармақшы аграрлы-техникалық колледжін ұзақ жылдар бойы табысты басқарған Т. Дəлиева, Б. Əбжалиев жəне колледжде жемісті жұмыстар атқарған білім саласының ардагерлері, колледж директоры И. Айекенов пен колледж ұжымы қатысты. Мерекелік шара аясында колледж қызметкерлері мен студенттер даярлаған концерттік бағдарлама қойылып, мерекелік дастархан əзірленді. Қазыналы қарттарымызды ардақтаған шара соңында ардагерлер ұйымдастырушы колледж ұжымына алғысын білдіріп, батасын берді. Шара соңында ардагерлерге колледждегі бастауыш кəсіподақ комитетінің есебінен сый сияпат жасалды. Ардагерлерді ардақтауға арналған игі шара естелік суретке түсумен қорытындыланды.
05 қазан 2018 ж. 1 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 215
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031