» » «Жетістігім – Тәуелсіз еліме!»

«Жетістігім – Тәуелсіз еліме!»

Қазақстан халқының тілдері мерекесі аясында Қызылорда қаласының 200, Астана қаласының 20 жылдығына орай М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2018 жылдың 20 қыркүйек күні «Жетістігім – Тәуелсіз еліме!» атты мерекелік іс – шара болып өтті. Шара мақсаты – студенттерді Қазақстан халқының тілдерін құрметтеуге, ана тілін ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.

Сонымен қатар колледждің, ондағы ұстаздар мен студенттердің жетістіктерін мадақтау, насихаттау арқылы жастарды рухани жігерлендіру, мамандығына деген мақтанышын арттыру.
Мерекелік шара «Үздік шығармашылық жұмыстар» атты акция, «Жеңімпаздар шеруі» атты көпшілік шара және мерекелік концерт сынды блоктардан тұрды. «Жеңімпаздар шеруінде» білім, өнер, спорт саласында топ жарып, колледж ғана емес, ел мақтанышына бөленіп жүрген жастардың сап түзей ортаға шығуының өзі оқу орны студенттері үшін өнегелік зор маңызы болды.
Рухани мәні бар шараға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаева қатысып, жастарды мерекемен құттықтап, тіл мәселесіне, ана тіліміздің қасиеті мен құндылығына, астаналар тарихы сабақтастығына тоқталды. Колледждің бір топ ұстаздарына түрлі деңгейдегі марапаттар тапсырды. Колледждің «Жас толқын» клубы мүшелері көрермендерге өздерінің шабытты жырларын ұсынды. Мерекелік шара «Япурай» хор ұжымының «Біржан – Сара» операсынан үзінді орындауымен басталып, колледж өнерпаздарының ән, би шашуына ұласты.
21 қыркүйек 2018 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930