» » «Қазақ елі» монументі алдында мерекелік концерт пен ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтеді

«Қазақ елі» монументі алдында мерекелік концерт пен ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтеді

Мереке күні Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің бірегей ұлттық билерін ұсынады. Шара «Тәуелсіздік» алаңында сағат 11.00-дебасталады.Концерттік бағдарламаны «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда сағат 12:00-де түркиялық хорының «Мереке әні» ән кеші жалғастырады. Ерлер ұжымымен бірге сахна төрінде түркиялық SOPRANO әйелдер тобы өнер көрсетпек.
Одан басқа «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда қазақ күресі, арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру және қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі.
Осы күні сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда «Достық шеруі» атты велошеру басталад ы. Шара елордада велосипед тебу маусымын ресми ашады. Сонымен қатар, сағат 15:00-де домбырашылардың орындауында «Ұлы дала үні» атты флешмоб ұйымдастырылады. Шара барысында 500 адам Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін көпшілік назарына ұсынады.
1 мамыр мерекесіне орай Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын Батыр» степ-тобы өз көрермендерін қуантпақ. Ал Қуыршақ театры өз көрермендеріне «Вместе мы одна страна» атты қуыршақтар концертін ұсынады. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Золотой цыпленок» спектаклінің, ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ театрында «Қызыл алма» комедиясының тұсаукесері өтеді.
Сонымен қатар, ертең Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.
Бұдан басқа, қаланың кітапханаларында, музейлерінде, театрларында және басқа да мәдениет мекемелерінде бірлік пен достық мерекесіне арналған тақырыптық көрмелер, спектакльдер мен концерттер өткізіледі.
2 мамыр күні Сәкен Сейфуллин музейінің ұжымы қалалық мәдениет орталықтарының өкілдерімен «Бақыт мекені – Астана» тақырыбында кездесу өткізеді.
Осы күні сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасын көрермен назарына ұсынады.
3 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі көрнекті қазақ композиторы, күйші Төлеген Момбековтың жүз жылдығына орай «Салтанат» атты концерт ұсынады. Кеш «Астана» концерт залында сағат 19:00-де басталады.
01 мамыр 2018 ж. 1 952 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930