» » » Тұрмағамбет ауылында үш күн Наурыз тойы тойланды

Тұрмағамбет ауылында үш күн Наурыз тойы тойланды

Тұрмағамбет ауылнда 21-22-23 наурыз күндері Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз мерекесі алғаш рет ерекше аталып өтті. Мерекелік безендірілген алаң Наурыз тойын тойлауға келген ауыл тұрғындарына лық толды. Алдымен ауыл тұрғындары көшет отырғызды. Тойдың ашылу салтанатындағы ауылдық клуб үйі өнерпаздарының күшімен дайындалған театрланған көрініс концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Салтанатты шараның алғашқы сөзін Ауыл әкімі Б.Байбарақов, Аудандық мәслихатының депутаты, «Тұрмағамбет» ЖСШ-нің директоры Н.Пірмантаев ауыл тұрғындарымен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады. 
Сегіз қырлы бір сырлы жігіттеріміз бен ару қыздарымыздың өнерлері жиылған халықты тамсантты. Ал мерекеде үлкендерден қалыспай өнерлерін паш еткен Жас ақындармен, жас жыруалар тек мақтауға ғана тұрарлық. Мекемелер алаңда дастархан жайып, наурыз көже және ыстық бауырсақтан ауыл тұрғындары мен қонақтарға дәм татқызды. Мереке барысында спорт жарыстарынан, атап айтқанда, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, қазақша күрес, волейбол, түйе палуан, тай жарыс, тоқ бәйгілер өтсе, Өнер сүйер қауымға Ақындар мүшәйрасы, Жыраулар байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға Алғыс хат және қомақты қаржылармен марапатталды. Тігілген киіз үйлерде мерекелік дастархан дайындалып, Наурыз көже пісіріліп, халыққа ұсынылды.
Сонымен қатар 1985-86 жылғы туылған азаматтар әруақтарға арнап ас берді. Жиналған қауым үйлеріне көтеріңкі көңілмен және ұйымдастырушылар мен демеушілерге деген зор ризашылықпен тарқасты. 
Түйе палуан  І - орын Досымов Жасұлан /300 000 тг/ ІІ - орын Баймаханов Марат /200 000 тг/ ІІІ - орын Өндібаев Нұржан /100 000 тг/ Кір тасын көтеруден І - орын Еламанов Бағдат /25 000 тг/ ІІ - орын Жалғасбаев Ерсұлтан /15 000 тг/ ІІІ - орын Өндібаев Нұржан  /10 000 тг/ Қошқар көтеру  Қазыбаев Даулет /қошқар малы/ Волейбол  І - орын Қармақшы құрамасы /50 000 тг/ ІІ - орын Қармақшы2 құрамасы /30 000 тг/ ІІІ - орын Тұрмағамбет құрамасы /20 000 тг/ 80 кг салмаққа дейінгі қазақша күрес   І - орын Қазыбаев Даулет /70 000 тг/ ІІ - орын Абенов Олжас  /50 000 тг/ ІІІ - орын Амангелдіұлы Әлжан /30 000 тг/ Арқан тарту  І - орын спорт клуб /20 000 тг/ ІІ - орын 1985 жылғылар /10 000 тг ІІІ - орын 1988 жылғылар /5 000 тг/ Ақындар мүшәйрасы І - орын Есмаханова Гүлзада  /100 000 тг/ ІІ - орын Берманов Асылан /70 000 тг/ ІІІ - орын Айтбаев Бақтөре /Сырдария ауданы 50 000 тг/ Жыраулар байқауы І - орын Камалбекова Айболған /Көмекбаев ауылы 100 000 тг/ ІІ - орын Мырзағалиев Әлшер /Тұрмағамбет ауылы 70 000 тг/ ІІІ - орын Балтабайқызы Фариза /Ақжар ауылы 50 000 тг/ Тоқ бәйге І - орын Ибраев Сахи /Қуаңдария 200 000 тг/ ІІ - орын Жеткерген /Тұрмағанбет 100 000 тг/ ІІІ - орын Тұрмағамбет ауылы /50 000 тг/ Тай жарыс 1 орын /100 000 тг/ 2 орын /70 000 тг/ 3 орын /50 000 тг/ 2000 метр қашықтыққа жүгіру І – орын Әбдіжамилов Еркін /Жалағаш ауданы 30 000 тг/  ІІ – орын Еламанов Берік /15 000 тг/ ІІІ – орын Қайрулаев Бағдат /10 000 тг/ ІV – орын Әбілқасымов Бақытжан /6 000 тг/ V – орын Еламанов Бағдат /4 000 тг/
27 наурыз 2018 ж. 2 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930