» » Астанада 1 мамырда велошеру өтеді

Астанада 1 мамырда велошеру өтеді

Астанада 1 мамырда велошеру өтеді Астанада 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық шеруі» атты велошеру өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі қалалық Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Велошеруге қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтеді. Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ 12 жастан асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Мұнымен қоса, велошеруге «Астана» Президенттік клубының «Astana Pro Team» кәсіпқой командасының өкілі Дмитрий Груздев те шақырылды. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жеке жарыста Азияның екі дүркін чемпионы атанған.
Жарыс алдында концерттік бағдарлама өтеді, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтын жалпы спорттық жаттығулар жасалады. Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Қала тұрғындарын белсенді және саламатты өмір салтына баулу, сондай-ақ күнделікті өмірде велосипедпен жүруді дәріптеу мақсатында спорттық бұқаралық шараны Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Айта кетейік, алаңда велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылады, құны – 500-1000 теңге.
Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталады. Қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-де өткізіледі. Маршруттың ұзақтығы – 4100 м.

25 сәуір 2018 ж. 1 036 2

JeaCold от 10 ақпан 2019 21:22
Acquistare Viagra Con Paypal Buy Non Narcotic Drugs Online buy generic cialis Alternative Treatment For Syphilis And Amoxicillin Beta Lactam Amoxicillin Side Effects

StevMype от 7 мамыр 2019 23:55
Cialis Y La Diabetes Wellbutrin Pay With Paypal viagra online prescription Vilitra

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728