Астанада «YELEU CUP» халықаралық турнирі өтеді

Бүгінде бұл жарыс – футзалдан Қазақстандағы ең беделді турнирлардың бірі. Оған 15 әуесқой және кәсіби командалар қатысады, олар – Рудный, Ақтау, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Орал, Алматы, Павлодар, Семей, Астана қалаларының чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанның жоғары лигада ойнайтын командалары да қатысады.
«YELEU CUP» турнирі – Қазақстандағы футзалдан Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің республикалық іс-шаралар күнтізбесіне кірген ресми турнир.
Турнир УЕФА «Fair Play» (Адал ойын) ұранымен өтеді және басты міндеті – футзалды және саламатты өмір салтын насихаттау.
Sportinform