» » ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

    2-4 наурыз аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өтті.  Облыста алғашқы мәрте өткізілген сайыс Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Ел кубогына республиканың әр өңірінен және Астана, Алматы қалаларынан 180 спортшы  қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталды.    Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының құрама командасы кубок жеңімпазы атанды. Екінші орынды – Қарағанды облысы, үшінші орынды Астана қаласының құрама командалары иеленді.
    Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығының вице-президенті, жарыстың бас төрешісі Ринат Абикешевтің айтуынша, кубок жеңімпаздары мамыр айында Минск қаласында (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысады.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль және кубоктарымен марапатталды.
kyzylorda-news.kz
05 наурыз 2018 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031