» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

     Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өз дәрежесінде жүзеге асырылып келеді.    Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу  – біздің басты міндетіміз. Озық дәстүрлерді табысты жаңғырту арқылы жастарды ұлттық-рухани құндылықтармен сусындатып келеміз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда білім алушыларға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, болашақ мамандарды ашықтыққа, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын ұстанып келеміз.
    Бағдарлама аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында колледж мұражайын жасақтадық.  Мұнда сонау 1954 жылы іргесі қаланған 65 жылға жуық тарихы бар қарашаңырақтың тарихын жинақтадық. Мұражай ішіндегі «Колледж тарихы», «Колледждің негізін қалаушылар» (Қалдыбай Маханов, Танабай Есмағамбетов, Жақып Әбдіхалықов, Жиентай Есенов, Николай Артемович Подольских), «Колледж басшылары», «ҰОС қатысқан ардагер ұстаздар», «Колледж түлектері» («Социалистік Еңбек Ері» атанған колледж түлектері – Әбуша Дінісламов, Кәрібоз Әлимаев, ҚР Парламентінің депутаты Бақытбек Смағұл), «Колледж ардагерлері» бөлімдері оқу ордасының өткені мен бүгінін нақты айқындайды.
    Рухани жаңғыру арқылы ғана біз ұлттық рухтағы жастарды тәрбиелейміз десек, оған тағы бір дәлел  колледжде  «Рухани жаңғыру» бөлмесінің ашылуы. Бұл дегеніміз, рухани дәстүрдің басты негізі.
    Ендігі жүзеге асыруға бет бұрған жоспарымыз – оқытушыларымыздың пәндік –тілдік оқытуды іске асыру мен білім алушыларымызды WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемионатына үш тілде қатыстыру. Пәндік –тілдік оқытуды іске асыруда «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы ұйымдастырған курстарда 17 педагог білім жетілдіру курстарынан өтті. Қазалы аграрлы – техникалық колледжі осымен 3 мәрте өткен «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының ұлттық кезеңіне облыстың атынан 3 дүркін қатысып, намысын қорғап келе жатқан бірден – бір колледж.  
    Рухани жаңғыруға ұмтылу – табысты болудың басты факторы.
    Темірбек ИСМАЙЛОВ,
    Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры,
    Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
     kyzylorda-news.kz
08 наурыз 2018 ж. 1 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930