» » » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тарихи мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президентінің Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастары байқалады. 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай «Арал аудандық ХҚКО» бастауыш партия ұйымы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен іс-шарасы – әдеби кеш №64 орта мектеп базасында өткізілді. 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімі басшысының орынбасары Еркін Қуантқанұлы Ашықбаев және осы бөлімнің менеджері Бақытжан Орынбекұлы және білім беру мекемелерінің мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен қазақ тілі және тарих пәні мұғалімдері қатысты. 
Кеш барысында мақала мазмұнына сай бейнежазба көрсетіле отырып, орындалатын жұмыстарға түсініктеме берілді. Мақаланың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» деп аталатын І бөлімі бойынша топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар мақала мәтініндегі тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттары бойынша өз ойларын біріктіріп, ортақ ойларын постерге түсіріп, қорғады. 
Мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» атты ІІ бөлімінде айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, «Туған жер» бағдарламасы, Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша да топтық жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар мақала мазмұнын аша түсті. 
Қатысушылар өз ойларын өлең жолдарымен түйіндеп, туған жерге байланысты ән шырқап, рухани жаңғыруды әр адам өзінен бастауы керектігін және өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен қалыпты дамуы үшін еңбек ететіндіктерін ерекше атап айтты.
20 қаңтар 2018 ж. 2 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031