» » АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ...

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ...

Бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру - мемлекеттің алға қойған межелі мақсаттарының бірі. Бала дүниеге келгеннен бастап, білім беру, тəрбиелеу, саналы, салауатты азамат етіп тəрбиелеу ата-ананың міндеті екендігі заңмен жүктелген. Əрбір үйдің қуанышы, мемлекеттің болашағы балаларды мектепке бергеннен бастап, балада үш жақты орта қалыптасады. Ол мектеп. Ол қоғам. Ол ата-ана, жанұясы. Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы ретте Қызылорда Облысының Білім Басқармасының Қармақшы Аграрлы-техникалық Колледжінің басшылығының ұйымдастыруымен 3 - курс студенттерінің ата-аналарымен жалпы жиналыс болып өтті. Шараға колледж директоры Исламбек Сəдібекұлы, колледж əкімшілігі, өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері жəне ата-аналар қатысты. Жиналыстың күн тəртібінде бірнеше мəселе қаралды. Олар: 1. Студенттердің оқу үлгерімі жəне тест тапсырмаларының қорытындысы. 2. Тəртіп пен тəрбие жұмыстары. 3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауын талқылау. 4. Шығып сөйлеушілер. 5. Колледж басшысы Исламбек Сəдібекұлының қорытынды сөзі. Аталмыш жиын барысында ата-аналарға оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, алдағы атқарылар жұмыстар жүйесі, бірнеше айдан кейін қолдарына дипломдарын алып, маман атанатын студенттердің оқу-өндірістік тəжірибесін дұрыс ұйымдастыру мəселелері қаралды. Ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ мамандар даярлауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
06 ақпан 2018 ж. 3 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 062

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031