» » ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІНДЕГІ ЖАҢАША КӨЗҚАРАСТАР

ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІНДЕГІ ЖАҢАША КӨЗҚАРАСТАР

Аудандық "Жас Маман" орталығының семинар-практикумы болып өтті. Аталған шараға "Жас Маман"орталығының жетекшісі Г.Молдабаеваның басшылығымен аудан мектептерінен жас мамандар қатысты.
Мектеп директоры С.Əбікенова семинар жұмысына сəттілік тілей отырып, жұмыстың негізгі мақсаты: жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру жəне ұрпақ тəрбиесіндегі жаңаша көзқарастарды қалыптастыруда жаңа əдіс - тəсілдерді өз тəжірибелерінде қолдана отырып, өзара тəжірибе алмасу екеніне тоқталып өтті.
Бағдарлама барысында: мектеп педагог-психологы Г.Т.Əбілтаеваның жүргізген "Сəлемдесу" тренингімен басталып, қатысушы жас мамандарды мектебіміздің тəрбие жөніндегі орынбасары К.Нақыпова мектепте тəрбие саласында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып өтті. Мектептегі сынып жетекшілер бірлестігі мүшелерінің қатысуымен бірнеше жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ: Н.Жолдыбаева "Ел болашағы-ұрпақ тəрбиесінде" коучинг, А.Ермашова "Отбасы-өмір аясы", А.Шонгараева "Отбасы-бақыт мекені" таным сайыс, Г.Бейісова "Ұрпақ тәрбиесі-Ұлт болашағы", С.Сүлейменова "Тəрбие-тал бесіктен" тақырыбында тəрбие сағаттары өткізілді .
Қорытынды кезеңінде "Жас маман " орталығының мүшелері Семинар-практикумның жоғары дəрежеде өткендігін, тың идеяларды көп екендігін жеткізіп, алғыстарын білдірді.
15 қаңтар 2018 ж. 2 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930