» » НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА НӘТИЖЕСІЗ ЕМЕСПІЗ

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА НӘТИЖЕСІЗ ЕМЕСПІЗ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғыртуға негізделеді.
Осы ретте, Қазақстан халқын нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында 2017 жылдан бастап елімізде Елбасының қолдауымен мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
Аталмыш бағдарлама негізінен бүгінгі таңда заман талабына сай сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Мемлекет басшының осындай игі бастамасымен іске асырылған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудандық аграрлы-техникалық колледжде 2017-2018 оқу жылында «Тігінші», «Аспазшы» және «Электр есептеу машинасының операторы» мамандықтары бойынша 3 айлық курсында 69, «Электромонтер», «Электр және газ­бен дәнекерлеуші», «Көлік жөндеу шебері» ма­ман­дықтары бойынша 2 айлық курсында 42, 1 айлық «Ауылшаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист» және «Тігінші» мамандықтары бойынша курста 35, барлығы 146 адам өздері қалаған ма­ман­дықтары бойынша білімдерін жетілдірді.
Жуырда осы мамандықтар бойынша білім алған шәкірттерге куәліктер мен сертификаттар тапсыру салтанаты өтті.
Салтанатты шарада колледж директоры Исламбек Айекенов бітіруші түлектерге өзінің жылы лебізін білдіріп, ел экономикасын нығайтуға бағытталған Елбасының ілкімді саясаты аясында өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Сондай-ақ, колледж бойынша шәкірт тәрбиелеудегі іргелі істер мен қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.
Шара барысында оған арнайы шақырылған аудандық мәслихат депутаты, Жастар ресурстық орталығының директоры Мұхтар Ибраев пен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары Айнұр Асанқанова мен Мейрамкүл Ешмұратовалар құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге сертификат пен куәліктер тапсырды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
19 қаңтар 2018 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031