» » «АСЫЛ ҚАРИЯЛАР!»

«АСЫЛ ҚАРИЯЛАР!»

Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

Ақай ауылдық округінде «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай «АСЫЛ ҚАРИЯЛАР!» атты қарттар күніне меркелік іс-шара өткізілді. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың кешіне арнап ауыл кәсіпкерлері және мекеме басышларының ұйымдастыруымен ауыл әкімі аппаратының қолдауымен «Игілік» тойханасында ардагерлерге арналған дастархан жайылды.
Мерекелік іс-шараны ауыл әкімі Г.Умарова ашып, ауыл ардагерлерін мерекемен құттықтады. Келесі болып сөз алған облыстық мәслихат депутаты К.Үйреков, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Бекпанов, ҚР Президентінің Байқоңыр қаласындағы арнайы Өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысының орынбасары М.Демисинов ардагерлерді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде ауылдық округті 10 жыл басқарған Р.Байшораева қатысып, ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтады. «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалымен ауылдық округтегі "Ақсақалдар алқасы" ҚБ-не мерекелік сыйлығы табысталды, сонымен қатар ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен ауыл ақсақалдарына сый – сияпат жасалып, құрметтелді.
Шара соңы ауылдық клуб үйінің қызметкерлерімен арнайы дайындалған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

02 қазан 2018 ж. 3 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930