Аудан әкімі Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚАДІРЛІ АҒАЙЫН!
Баршаңызды 1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
Қазақта «Халық білмегенін көнеден сұрайды» деген, аталы сөз бар. Үлкеннің жолы, ағалық ақылы - асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау басты парызымыз.
Өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шараларды жүзеге асыруды жүктеді.
«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған.
Ауданымызда ардагерлеріміздің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени- рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда.
Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін!
Ізгі ниетпен, Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков