» «Қарттар күні» мерекесі

«Қарттар күні» мерекесі

Қармақшы аудандық сотының ұжымы «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында зейнеткерді құттықтады
Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше. Аталмыш мерекенің мәні де осында жатса керек. Әлеуметтің назарын егде жастағы жандардың бүгінгі тіршілігін мазалаған мәселелерді шешуге және демографиялық қартаю, әлеуметтік және жеке қажеттіліктері, оларға деген қарым-қатынасты түзету, әлеуметтік тірлікке араласуға мүмкіндік жасауды қоғамнан тыс қалдырмау керек.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының орны бөлек. Себебі, әрқайсыларының облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларды өсірді. Бүгін, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.
Халықаралық «Қарттар күні» мейрамы қарсанында Қармақшы аудандық сотының ұжымы атынан сот төрағасы Д.Кентбаев және судья Л.Алибекова кент тұрғыны қарт ана А.Брашаеваның үйінде болып, зейнеткерді халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
Өз кезегінде, қадірменді қария да ерекше ықылас танытқан ұйымшыл ұжымға шексіз алғысын жеткізіп, еселі еңбектеріне толағай табыс тіледі
---
02 қазан 2018 ж. 1 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 639

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30