Құрылтай
» » ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабы мен Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанындағы «Мейірім акселераторы» жобалық офисінің ерікті жастарымен бірлесе отырып, қаламыздағы бірнеше сала ардагерлеріне жыл басында сый-сияпат жасалды.
«Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз, Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек» - екендігін департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының төрағасы Б. Сайлыбаев атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Ғ. Әлімқұлова «ардагерлер – еліміздің алтын қоры, талай жасты тәрбиелеп, ел игілігі үшін қажымай қызмет жасадыңыздар, қарияларымызға қамқорлық жасау – біздің басты борышымыздың бірі екендігін айтып, қазыналы қарияларға мейрам қарсаңында ыстық лебіздерін білдірді»
Бұл шараның өткізілуінің басты мақсаты – қарияларымыздың көңілін аулап, мерекелік көңіл күй сыйлап, қамқорлық көрсету.
09 қаңтар 2020 ж. 1 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (10521)

18 шілде 2026 ж.

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 489
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 981

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031