» » Ауыл әкімдері біліктіліктерін арттырды

Ауыл әкімдері біліктіліктерін арттырды

Қызылорда облысының әкімдеріне мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру тақырыбында лекция оқылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында облыстағы кент және ауылдық округтердің әкімдері үшін оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметтің рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, төртінші деңгейлі бюджет, салық, коммуналдық меншік, жобалық офистермен жұмыс жасау тақырыптарында дәрістер оқылды. Оқу процесін жаңғырту, жаңа тұжырымдамалық тәсілдер мен әдістерді таныстыру және түсіндіру мақсатында басшы лауазымдағы тұлғалар дәріскер ретінде шақырылды.
Осы ретте, ауыл әкімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов «Мемлекеттік қызметті реформалау және күтілетін нәтижелер» тақырыбында дәріс оқып, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында атқарылып жатқан басым бағыттарды атап өтті.
Департамент басшысы өз дәрісінде конкурстық процедуралардың ашықтығы механизмі, сыбайлас жемқорлықпен күрес, «командалық көшуді» азайту секілді бірқатар өзекті мәселелер төңірегіндегі мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.
Семинарда, сонымен бірге, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда меритократия принциптерін қолдану, мемлекеттік қызметтегі этикалық және жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту, «А» корпусын қалыптастыру мен мемлекеттік қызметкерлерді оқыту мәселелері талқыланды.
24 қазан 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 900
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 601

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930