» » Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады

Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады


Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков «1 қазан- Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосып, жастық жігерлері мен жалынды қайраттарын арнаған, бұл күнде зейнеткерлік демалысқа шығып ұрпақ қызығына бөленіп отырған бір топ ардагерлерді қабылдады.
Аудан әкімі өз сөзінде "Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған. 
Ауданымызда ардагерлеріміздің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени- рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда. Үлкеннің жолы, ағалық ақылы - асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау басты парызымыз. Зейнет жасында болсаңыздар да қоғамда болып жатырған оң өзгерістерді өрістетуге әрдайым қолдау көрсетіп үн қосып келесіздер. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін" деп, ардақты ардагерлерге құттықтау хаттар мен сый-сияпатты табыс етті.
Сонымен бірге ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов сөз алып, мерейлі мерекеге орай ізгі лебізін жеткізді.
Ақсақалдар өз кезегінде ризашылықтарын айтып, осындай құрмет көрсетіп, елеп-ескеріп жатырғандарына алғысын білдіріп, ақ баталарын берді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
02 қазан 2020 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 965
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30