Құрылтай
» » » «ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»

«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»


Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Жосалы кентінің орталық алаңында дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында концерттік бағдарламаның ашылу кеші өтті.

Тағылымды кеште аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп:

- Ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ел іші – өнер кеніші» концерті жергілікті өнерпаздардың шығармашылығы мен талантты азаматтардың арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Сондай-ақ маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде «Әкелер күні» аталып өтеді. Отбасының тірегі, шаңырақтың иесі болған әкелердің қоғамдағы орны ерекше. Сондықтан Сіздерді осы мағыналы күнмен құттықтай отырып, ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігін нығайту жолындағы барлық әкелерге шынайы алғысымды білдіремін,- деп атап өтті.

Бүгінгі кеш барысында Ақай мен Тәйімбет Көмекбаев ауылдық округтерінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, тұрғындарға рухани әсер сыйлады.

Айта кетсек ұлтымыздың асыл құндылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылар тағылымды кеш Жосалы кентінің орталық алаңында кент және ауылдық округ өнерпаздарының қатысуымен қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын өткізілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

20 маусым 2026 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 448
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 953

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031