» » » «ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ


Ақай ауылдық округінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші ұйымдастырылды.

Рухани құндылықтарды дәріптеп, тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев арнайы қатысып, ауыл жұртшылығын мәдени кештің өтуімен құттықтады.

Диас Асылбекұлы елді мекендердегі мәдени шаралардың маңыздылығына тоқталып, өнердің халықты бірлікке ұйыстыратын, ұлттық болмысты айшықтайтын рухани күш екенін жеткізді.

Кеш барысында Ақай ауылы мен аудан өнерпаздары көрермендерге ән мен күйден, ұлттық және заманауи билерден мерекелік концерт ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір өнер көрсетілімінде ауыл тұрғындары ыстық ықыластарын білдірді.

Айта кетсек бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында елді мекен өнерпаздардың қатысуымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші жалғасады. Ұлттық өнерді ұлықтап, ел арасындағы ынтымақты арттыруға өзіндік үлесін қосар тағылымды шарада сіздерді күтеміз!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 тамыз 2026 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 092

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930