Құрылтай
» » » «ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА


Кеше Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ел іші – өнер кеніші» мәдени жобасы аясында кезекті концерттік кеш өтті.

Рухани-мәдени шараның басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, ауыл өнерпаздарының шығармашылығына қолдау көрсету, мәдени мұраны кеңінен насихаттау және тұрғындардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру арқылы мәдени өмірді жандандыру.

Бұл жолғы кештің сахна төрі Ақжар және Иіркөл ауылдық округтерінің өнерпаздарына берілді. Ән мен күй, жыр мен би тоғысқан концерттік бағдарламада ұлттық өнердің сан қыры көрініс тауып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шынайы талант пен сахна мәдениетін ұштастырған өнер иелері көпшіліктің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Ашық аспан астында өткен мәдени кешке аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп қатысып, ерекше әсерге бөленді. Осындай тағылымды жобалар ауыл мәдениетін дамытуға серпін беріп, халықтың рухани байланысын нығайта түсуде.

Айта кетейік, «Ел іші – өнер кеніші» мәдени жобасы қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын Жосалы кентінің орталық алаңында өз жалғасын табады. Концерттік бағдарламаларға ауданның барлық ауылдық округтері кезең-кезеңімен қатысып, жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын аудан жұртшылығына таныстыратын болады.

02 тамыз 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 579
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 043

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31