» » » ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛҒАН ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР

ҰРПАҚҚА ҮЛГІ БОЛҒАН ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮР

Аудан орталығындағы К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ұлттық руханиятты дәріптеген маңызды мәдени шара – «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге – мұра» атты жыраулық өнер үйірмесі шәкірттерінің есепті концерті өтті. Тағылымды кеш Сыр бойынан бастау алған жыраулық дәстүрді сақтау, дамыту және жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, жиналған өнерсүйер қауымды құттықтап, жыраулық дәстүрдің маңыздылығына ерекше тоқталды.
– Ауданымызда дәстүрлі жыраулық өнер ұрпақтанұрпаққа аманат болып жалғасып, бүгінгі күнге дейін өз мән-маңызын жоғалтпай келе жатыр. Асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға жеткізу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аталған игі бастамалар «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі «Өнер – ұрпаққа үлгі, елге – мұра» атты жыртерме, ақындық, күйшілік сыныптарындағы есепті концерт – соның айқын дәлелі, – деді Диас Асылбекұлы.
Есепті концерт барысында «Рүстембек жырау», «Тұрмағамбет ақын», «Базар жырау», «Қорқыт» және өзге де шығармашылық үйірмелердің жетекшілері мен жас жыршылар сахна төрінде өнер көрсетті. Жыр, терме мен толғау үндескен кеш көрермен көңілінен шығып, ұлттық өнердің терең тамыры мен тәрбиелік мәнін тағы бір мәрте айшықтай түсті.
Жас орындаушылардың сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі мен ұлттық өнерге деген ықыласы көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Көрермендер тарапынан да зор қошемет көрсетіліп, жыраулық өнерге деген құрмет пен қызығушылықтың жоғары екені байқалды.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, елдік мұраны қастерлеуге тәрбиелейтіні сөзсіз. Жыраулық өнерді жаңғыртып, оны болашаққа аманат ету жолындағы бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
03 қаңтар 2026 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 312
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031