» » » ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНДА «ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНДА «ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ

Бірлік пен татулықтың үлгісіне айналған ІІІ Интернационал ауылында дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып:

-Өнер – халықтың рухани байлығы, ұлтымыздың асыл қазынасы болса, ІІІ Интернационал ауылы бір шаңырақ астында ынтымақты сақтап келе жатқан киелі мекен. Осындай бірлігі жарасқан ауылда ұйымдастырылып отырған бүгінгі кештің мәні мен маңызы ерекше,- деп Мемлекет басшысы айқындаған халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар өз кезеңімен жүзеге асып жатқанын атап өтті.

10-нан астам ұлт пен ұлыс өкілдеріне құтты мекен болған ІІІ Интернационал ауылы бүгінде толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар жақсы жаңалықтың бірі - алдағы уақытта Пак Чен Ир және Астана тұйығы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кеште ауыл өнерпаздары ән мен күйден, биден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 тамыз 2026 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 207
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30