» » «ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ» – ТАРИХИ ТАНЫМҒА БАСТАР ЖОЛ

«ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ» – ТАРИХИ ТАНЫМҒА БАСТАР ЖОЛ


«Туған өлке тарихы» музейлік жобасы аясында музейде мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраларды кеңінен таныстыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Экскурсия барысында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, өңірдің өткені мен бүгінінен сыр шертетін тарихи жәдігерлер туралы тың мәліметтер алды. Музей қызметкерлері әрбір экспонаттың тарихи маңызына тоқталып, туған өлкенің бай тарихы мен мәдени мұрасы жөнінде мазмұнды ақпарат берді.

Оқушылар экскурсия барысында белсенділік танытып, тарихи жәдігерлерге ерекше қызығушылық білдірді. Сонымен қатар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өлке тарихына қатысты білімдерін толықтырды.

Осындай танымдық іс-шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұлттық мұраны қастерлеуге ықпал етеді.

16 қазан 2026 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 280
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30