» » ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ - ЖАС ҰРПАҚ ЗЕРДЕСІНДЕ

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ - ЖАС ҰРПАҚ ЗЕРДЕСІНДЕ


Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейіне ауданымыздың белсенді жастары арнайы келіп, туған өлкенің өткені мен бүгінін сабақтастыратын тарихи-мәдени мұралармен танысты.

Экспозициялық зал бойынша жүргізілген экскурсия барысында жастарға Қармақшы өңірінің қалыптасу тарихы, өлкеден шыққан көрнекті тұлғалардың өмір жолы мен қоғамдық қызметі, сондай-ақ халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін жәдігерлер кеңінен таныстырылды. Әрбір экспонаттың артында тұтас бір дәуірдің шежіресі, ұлттың болмысын айқындайтын тағылымды тарихы бар екені кеңінен түсіндірілді.

Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, туған өлке тарихына деген құрметін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдени мұраны кейінгі буынға аманаттауға бағытталған.

Тарих – өткенді еске алу ғана емес, бүгінді түсініп, болашақты бағамдауға мүмкіндік беретін баға жетпес құндылық.

20 тамыз 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 059
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 275

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031