
ТАҒЗЫМ ЕТТІМ
Әке деген бір ауыз сөзге сусап өскен ұрпақпын. Әкемді көзім көрмесе де, оның әкелік мейіріміне қанбасам да – әкем мен үшін аласармас тұлға, мәңгілік өшпес бейне. 1942 жылғы Ұлы Отан соғысы басталып, асқар тау әкем – Қалабай Жүсіпов сол сұрапыл соғысқа аттанып кете барғанда мен әлі қырқымнан шықпаған сәби...

















